Жамбыл облысында мектепке дейінгі мекемеде балалар уланды | 18.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

БАЛАЛАР УЛАНДЫ
Жамбыл облысындағы мектепке дейінгі мекемеде балалар жаппай астан уланды. Мерке аудандық ауруханасына 10 тәрбиеленуші ауыр халде жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

ТАҒЫ ДА ПИРАМИДА
Шымкентте Nazira Gold қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды. Ұсталғандардан пәтер, үй, көлік, 400 млн теңге және 12 келі алтын тәркіленді.

ТАСҚЫН БАҚЫЛАУДА
Батыста су тасу қаупі басым. Ақтөбе облысында жолдарды еріген қар суы шайып, аула мен көшеге су жайылды. Адамдар қайықпен қатынап жүр.

КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ
Елімізде креативті индустрияны дамыту қоры құрылады. Осылайша саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру көзделіп отыр. Мәселе Үкіметте талқыланды

ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
«Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық». Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда осылай деген еді. Бүгін – Ұлттық киім күні. Ендеше, қазақ елі қалай ерекшеленді?
———————————————