Жамбыл облысындағы балалар орталығында болған жаппай уланудан кейін тергеу басталды. «Санитарлық ережелерді сақтамай гигиеналық нормаларды бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен кінәлі адам екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кеше ғана Меркі ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне мектепке дейінгі орталықтың 10-нан астам тәрбиеленушісі жедел ішек және энтеровирустық инфекциямен жеткізілгенін хабарладық. Тіпті біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Облыс әкімдігі: «Іші ауырып, құсып мазасы қашқан бала да көп, ересек те бар», — дейді. Үш айлық сәби мен үш мектеп оқушысы және бір ересек адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жағдайын жіті бақылауда. Бір науқастың жағдайы нашарлағасын облыстық ауруханаға апарған. Тоғыз адам үйде ем алып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.