Жасөспірім қылмысы азаяр емес. Әр күн сайын ел бойынша 5 дерек тіркеледі. Бәрі бала қолымен істелген бұзақылық, буллинг, ұрлық-қарлық. Жеткіншектің ойына келгенін істеуге не себеп? Мәселе неден басталады деп бас қатырған бала құқығын қорғаушылар Бурабайда өткен құрылтайда жауабын алды. «Балалар құқығын қорғау» басқармасын құру керек», — деді.
НҰРСҰЛТАН ОРЫНБЕКОВ, ЗАҢГЕР
— Жұмысын бір ізге салатын кешенді құратын бізге ұйым керек. Қандайда бір мәселе орын алып жатыр ғой буллингке қатысты, балаларға қатысты қылмыстарда резонансты оқиғалардан кейін осындай қажеттіліктердің туындап жатқанын көріп жатырмыз. Оның салдарымен күресіп жатырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.