БҚО-да Шідерті өзені жолды шайып кетті

Батыс Қазақстан облысының шалғайдағы халқы Оралға жете алмай отыр. Сырым ауданы Аралтөбе ауылының өзге елді мекендермен жалғайтын жолын Шідерті өзенінің суы шайып, 800-дей азамат қатынаудан қалды. Кейбіреулері амалсыздан қауіпті мұздың үстімен өтіп, азық-түлік тасып жатыр. Төтенше жағдайлар мамандары: «Судың деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмен, бірақ ағыстың қарқыны қатты», — дейді. Ал айналма жолдағы көпірді салу құрылысы ауа райына байланысты.
ТӨЛЕГЕН ЖАНТАСОВ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Қазір судың ағысы тоқтамастан ешқандай жұмыс істей алмаймыз. Тек дайындық жұмыстарын істеп жатырмыз. Қазір көріп тұрғаныңыздай, щебен, пгс техника алып келдік. Су деңгейі төмен түскеннен кейін, жұмысты жалғастырамыз.

———————————————