Енді саяси реформадағы негізгі өзгерістерді еске түсірейік. Үш жыл ішінде билік тармақтары жаңарды. Жаңашылдық ең әуелі Президенттің өзінен басталды. Алдымен, ол суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тартты. Содан кейін Конституциялық референдум, Президент және Парламент сайлауы өтті. Саяси реформаның тағы бір жемісі Президент тек бір рет және 7 жыл мерзімге сайланады. Ол ешқандай партияға мүше бола алмайды. Мемлекет басшысының жақын туыстарының жоғары лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынады. Келесі бір өзгеріс – бірмандатты жүйенің енгізілгені. Соның нәтижесінде, мысалы, Астананың өзінде бір мандатты округ бойынша бір орынға алпысқа дейін адам үміткер ретінде тіркелді. Өзгеріс жергілікті атқарушы билік жүйесін де қамтыды. Аудан мен ауыл әкімдері қазір халықтың сайлауымен тағайындалып жатыр. Кез келген азамат сайлауға түсіп, халықтың қолдауына ие болса, әкім қызметін атқара алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.