Өскеменде автоволонтер көбейді. 30-дан аса ерікті жеке көлігімен өздігінен жүріп-тұра алмайтын азаматтарға тегін көмек көрсетіп жатыр. Ауруханаға апарып, әкеледі. Дүкен және тағы басқа қажет бағыттарға өз еркімен тасымалдауды қолға алды. Жыл басынан бері бұл қызметті алуға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан екі мыңнан астам өтінім түскен. Ал бүгінде қала бойынша тек 12 ресми инватакси бар. Көлік жетпейді. Сондықтан 30-дан аса автоволонтер көмекке келді. Еріктілер тобын өзі де мүгедектік арбасына таңылған Татьяна Дементьева ұйымдастырған.
 ТАТЬЯНА ДЕМЕНТЬЕВА, АВТОВОЛОНТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
 — Мейірімді адам көп. Сондықтан біздің командамыздың қатары толығып жатыр. Өтініш пен көрсетілген қызметіміз артып, жобамыздың жұмысы жанданып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.