Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен жүздесті. Кездесуде мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективасын талқылады.
 Жұмыс сапары аясында екі ел арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылады. Осы орайда Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан мемлекеттік опера және балет Үлкен театрының «Лазги – жан және махаббат биі» атты қойылымы ұсынылды.
 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.