Жаға ұстатарлық статистика: Қазақстанда балалар күніне 5 рет қылмыс жасайды | 19.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

УЛАНҒАН СӘБИ
Жамбыл облысында уланған 14 бала ауруханада жатыр. Оның біреуі – 3 айлық сәби. Жедел құрылған жұмыс тобының сараптамасы қандай?

ҚАРАУСЫЗ БАЛА
Қараусыз бала қауіпке ұрынады. Елімізде кәмелетке толмаған балалар күніне бес қылмыс жасайды. Бұлар – ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және зорлық-зомбылық көрген жасөспірімдер.

ЕКІ КҮНДЕ ЖАҢА КӨПІР
Екі күнде жаңа көпір. Ақтөбе облысының Ойыл ауылындағы көпір көз ілеспес жылдамдықпен салына бастады. Бұған дейін болбырап жүрген мердігер компанияны шошытқан кім?

ВОЛОНТЕР-ЖҮРГІЗУШІ
Өскеменде автоволонтер көбейді. 30-дан аса ерікті жеке көлігімен өздігінен жүріп-тұра алмайтын азаматтарға тегін көмек көрсетіп жатыр.

ЖАҢАРУ КҮНІ
Шымкент тұрғындары саябақ пен алаңдарды тазалады. Мыңдаған көшет отырғызды. Табиғат қайта түлеп, тіршілік оянған сәтті қазақстандықтар қалай қарсы алды?
———————————————