Қызылордада тозығы жеткен көпірдің жақтаулары қирады. Облыс орталығы мен Тасбөгет кентін жалғайтын өткелдің бір бөлігі опырылып, тұрғындардың үрейін ұшырды. Қызылжарма каналының үстіндегі көпір 1970 жылдары пайдалануға берілген. Бес жыл бұрын дәл осы су арнасы өткелінің оң жақ бетіндегі жақтаулары құлаған болатын. Жауапты мамандар бұл нысанды қайта жаңғыртудан өткізу қажеттігін айтады.
МАҚСАТ ЖҮСІП, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Біле сала жедел әрекет жасап, уақытша қоршаулар қойылд. Қазір көпірдің жұмыс жасауына ешқандай кедергі болып тұрған жоқ. Қызылжарма көпірінің сызбасы бар, алдағы уақытта тексерістен өткізсек, қаражатын бөлгізсек, ол көпірді жөндейміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.