Ақтөбе облысындағы көлік жүретін алты жолды су шайып кетті

Ақтөбе облысындағы көлік жүретін алты жолды су шайып кетті. Екеуі қалпына келтірілген. Өзгелерінде жол жоқ. Қозғалыс тоқтады. Ойыл ауданының тұрғындары алты тәуліктен бері қайықпен қатынап жүр. Аймақтың ірі су қоймалары бақылауда. Мамандардың айтуынша, Сазды 100% толған, тағы екеуінде жартылай су бар. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев облыс әкімімен бірге Қобда, Ойыл, Темір, Байғанин, Мұғалжар және Алға ауданын аралады.
РИНАТ ШАУЕНОВ, «ҚАЗСУШАР» ДИРЕКТОРЫ:
— Көктемдегі тасқын суы кезінде басында су көлемі Ақтөбе су қоймасында 60 млн текше метр су болған. Бос сыйымдылығы шамамен 185 млн куб орын бар. Қарғалы су қоймасында келетін ағын су көлемі 72, 142 млн текше метр куб аралығында болады.
———————————————