Қарағандыда Ынталы тұрғындары су қоймасының құрылысына қарсы. Сыйымдылығы 80 млн текше метрлік бөгет елді мекеннің дәл жанында салынады. Халық бөгет бұзылса, ауылды су шайып кетеді деп қауіптенеді. Жаңа су қоймасының құрылысына 2 мың гектар жер бөлінбек. Ал әкімдік қызметкерлерінің бұл орынды таңдауы бекерден бекер емес. Осыдан 17 жыл бұрын Ынталы ауылын қызыл су басқан. Сондықтан бөгет көктемде еріген қар суын жинауға арналған. Құрғақшылық кезінде де диқандарға астықты сақтап қалуға мүмкіндік бермек. Сала мамандарының айтуынша, бөгетті салу барысында халықтың пікірі ескеріледі. Алдағы үш жылда елімізде барлығы 42 су қоймасын салу жоспарланған. Оның екеуі Қарағанды облысында тұрғызылады.
ДАРХАН АСҚАРОВ, СУ РЕСУРСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Жоба әзірленгеннен кейін сараптама жүргізіледі. Бөгет болашақта судың жиналуына және суармалы жерлердің ұлғаюына мүмкіндік бермек. Бүгінде су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.