Өскемендегі Гематология орталығының құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығының құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді. Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй қарастырылған. Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшесі орналастырылады. Жаңа орталық науқастар емдеу мен оңалтудың озық әдісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
МАДИНА МЫРЗАБЕКОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл гематологиялық орталық біздің аймаққа ғана емес, бүкіл республика үшін маңызды. Соңғы үш жылда Ресей, Израиль, Германия сынды шетелдік клиникада 32 маманды оқытып, біліктілігін арттырдық.
———————————————