Сұранысқа ие мамандықтар тізімі жарияланады

Жоғары білім алып, жұмыссыз қалмау үшін қандай мамандықты игерген жөн? Енді бұған бас қатырудың қажеті жоқ. Сәуір айында «Мансап компасы» платформасы іске қосылады. Онда сұранысқа ие мамандық тізімі жарияланады.
Сондай-ақ, еңбек нарығында кәсіптік және техникалық мамандыққа сұраныс көп. Алдағы 6 жылда 1 млн 600 мың адамға жетпек. Әсіресе құрылыс маманы, оның ішінде сылақшы, құрылыс бригадирі мен дәнекерлеуші тапшы. Егінші, тракторшы мен мал шаруашылығы қызметкері қажет. Өндіріс пен кәсіпорын тігінші, дәнекерлеуші мен сантехникке зәру.
———————————————