Көпұлтты отбасылар әз Наурызды қалай тойлайды?

Президент өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сесияссы шақырылды. Cессия 23-24 сәуір күндері «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен Астанада өтеді. Елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан 130 астам этнос өкілі ынтымақтың нышанына айналған әз Наурыз мерекесін зор ықыласпен тойлап жатыр. Әр шаңырақта ұлық мейрамды мерекелеудің ерекші дәстүрі қалыптасқан.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Құрметті көрермен, біз бүгін Наурыз мерекесін көпұлтты отбасында тойлауды бастадық. Халил мырзаның шаңырағына қонақ болып келіп қалдық. Ынтымағы жарасқан бұл отбасы төрт ұлттың салт-дәстүрін берік ұстанады.

Ұлты белорус азаматы әзербайжан қызына үйленіп, балаларына қазақы тәрбие беріп, қазақтан келін алған құтты шаңырақ.
ХАЛЕЛ МАСЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Отбасымызға қош келіп жатсыздар, біздің отбасымыз кіші ассамблея деп атасақ болады. Бұл жерде әзербайжан, белорус, қазақ және татар ұлтының қосындыларынан осындай кішігірім ассамблеяны құрап отырмыз.
Ұлыстың ұлы күні – Масловтар отбасының ең ерекше асыға күтетін мерекесі. Бұл күндері дастархан жиылмайды. Көрші-қолаң, ағайын-туыстар келіп, шаңырақтары қуаныш пен шатыққа кенеледі.
ХАЛЕЛ МАСЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Анам – әзербайжан ұлтының өкілі. Ол ұлттық тағамдарды Наурыз мерекесі қарсаңында үстел басына қойып жатады. Татар ұлтының да ұлттық тағамдары бар. Қазақ салт-дәстүрлерінің бәрін ұстанамыз.
Қазақ жерінде тамырын жайып, өсіп-өнген Борис аға мен Күлбике апа төрт баласынан 12 немере сүйіп отыр. Алда алтын тойлары келе жатыр. «Отбасындағы береке мен бірліктің сыры қазақы тәрбиеде жатыр», — дейді Күлбике апа.
КҮЛБИКЕ ИМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Мен қазақтың топырағынан жаратылғанмын, қазақтың жерінде тұрамын, елім – Қазақстан. Сол үшін оны өте сыйлаймын, тілін сыйлаймын, балаларыма оны үйретемін, немерелеріме де үйреткім келіп жүр. Менің Халил балам: «Басқа елде тұрмаймын, қазақтың топырағын ешқашан ауыстырмаймын», — дейді.
Ал ұйғыр ұлты ұлық мерекеде «санза» деп аталатын ұлттық тағамын әзірлейді. Сондай-ақ көктем мерекесінде хошан, лағман, самса молынан жасалады. «Бірақ наурыз көжесіз дастарханның сәні кірмейді», — дейді этно-мәдени орталық өкілі Наргизам Махмудова.
НАРГИЗАМ МАХМҰДОВА, ҰЙҒЫР МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
— Наурыз мерекесінде ұлттық киімдер киеміз, өзіміздің әдемі әшекей бұйымдарымызды тағамыз. Әрбіреуінің кішкентайынан үлкенге дейін киетін киімі әртүрлі болады. Тақия «дөпа» деп аталады. 1 жас және 3 жас аралығындағы қыздар киеді.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Менің үстімде ұйғыр ұлтының ұлттық киімі. Көздің жауын алатын бұл көйлекті тұрмысқа шықпаған қыздар маңызды іс-шараларға киеді. Әз Наурыз мерекесінде осындай сәнді көйлектермен би билеп, ән айтып, ынтымақтың нышанына айналған мерейлі мейрамды көңілді қарсы алады.
Татар ұлтында да ұлыстың ұлы күнін мерекелеудің ерекше дәстүрі қалыптасқан.

РӘЙЛА ДАУЫТОВА, ТАТАР-БАШҚҰРТ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
— Татар наурызда құш тілін пісіреді, құстарға ауқат береді, жамандықты алып кетеді, жақсылық әкеледі. Жер гүлденеді.
Жалпы елімізде 400-ден астам этно-мәдени бірлестік бар. Ынтымақ пен бірліктің ұясына айналған Достық үйлері әр өңірде ашылған.
ШЕРЗОД ПУЛАТОВ, ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Достық үйінде арнайы мәмле клубтарды ашып, біздің этностардың өкілдерін мемлекеттік тілге үйретіп, бір тілге шақырып келетін осындай жұмыстары бар. Біз бәріміз бір тілде сөйлесетін болсақ, бір тілдің төңірегінде ұйысатын болсақ, біздің бірлігіміз нақты бірлік болады. Және де алдымызда қойылған мақсаттарға бірге жетеміз деген идеяларды ҚХА бүкіл халық арасына таратып келеді.
Қазақстанның этносаралық саясаты әлемгі үлгі болып отыр. Елімізде бірлік пен бейбітшілікке себепші болып отырған бірден бір орган бар. Ол Қазақстан халқы ассамблеясы. Биыл құрылғанына отыз жыл. Тәуелсіздігімізбен бірге босағамызға еніп, төрімізге нық орныққан Наурыз мерекесі бүгінде жалпыхалықтық мерекеге айналды.
———————————————