«Великолепный век. Кёсем» сериалы «Жетінші арна» эфирінде

Киносүйер қауым үшін сүйінші жаңалық. «Великолепный век. Кёсем» атты түрік телехикаясы орыс тілінде «Жетінші арнада» көрсетіледі.
Көсем сұлтан туралы туынды әлемнің 80 елінде көрсетіліп, жоғары рейтингке ие болған. Әсіресе Еуропа, Балқан түбегі, Латын Америкасы және Орталық Азия көрерменінің жүрегін жаулады. Осы сериалдан соң шетелдіктердің Осман империясына қызығушылығы артып, мемлекетке құрметі күшейген.

ЙЫЛМАЗ АҚАНЖ, ЖУРНАЛИСТ:
— Әдетте батыстың фильмдерінде Осман империясын жабайы, жауыз қылып көрсетеді. Оған сенетіндер де бар. Ал бұл сериалда мемлекеттің шынайы бейнесі көрсетілген. Тіпті өз тарихын білмейтін түріктер де Осман империясына қызығып, тани бастады. Бұл біз үшін өте маңызды.
Ауқымды жобаны түсіру үшін тарихи қамал-бекіністер мен зәулім сарайлар тұрғызылған. Телехикаяның кейбір бөлімі Голливуд студияларында түсірілген.
ӘДІЛ ҰММАТ, ПРОМО-ПРОДЮСЕР:
— Сериал, шынымен де, тарихи жерлерде, қалашықтарда түсірілді. Бұл – сұлтандар өмір сүрген Ыстамбұлдағы Топқапы сарайы. Түсірілім Осман империясының сарайлары әлі күнге дейін сақталған Маниса мен басқа да қалаларда өтті.
Қысқасы: «Великолекпный век. Кёсем» – жүректі жаулап, көңілді тебірентетін шытырман оқиғаға толы сериал», — дейді мамандар. Телехикая 26 наурыздан бастап, кешкі сағат 20:00-де көрерменге жол тартады. «Жетінші арна» қосулы болсын!
———————————————