Қызылордада тозығы жеткен көпірдің жақтаулары қирады | 20.03.2025

Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan

КӨПІР СЫР БЕРДІ
Қызылордада тозығы жеткен көпірдің бір бөлігі опырылып түсті. Бірақ одан қорқып, жүрісін тоқтатқан жан жоқ. Көлік те, жаяу жүргінші де әрлі-бері қатынап жатыр. Себебі опырылған тұсқа қауіпсіздік лентасы байланбаған.

ЕСІЛ ЕРНЕУІНЕН АСТЫ
Солтүстікте су тасқыны қаупі күшейді. Сергеев су қоймасы толып барады. Қала іргесіндегі шағын аудан халқына шұғыл көшуге кеңес берілді.

ОҚУШЫНЫҢ «БОЛАШАҒЫ»
«Болашаққа» – 32 жыл. Енді мектепті жаңа бітірген жас түлек те, осы бағдарламамен шетелде білім қуады. Жобаға мемлекеттік қызметші ғана емес, қарапайым мамандық иелері де қатысуға мүмкіндік алды.

МАНСАП КОМПАСЫ
Жоғары білім алып, жұмыссыз қалмау үшін қандай мамандықты игерген жөн? Енді бұған бас қатырудың қажеті жоқ. Сәуір айында «Мансап компасы» платформасы іске қосылады. Онда сұранысқа ие мамандық тізімі жарияланады.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ
Бүгін – Ұлттық спорт ойындарының күні. Осыған орай әр өңірде түрлі шара өтіп жатыр. Жалпы қазір қандай спорт түрі кең тараған және бұқара ұлттық ойын туралы не біледі?
———————————————