Екі баласын өз қолымен өлтірді деген күдікпен Қандығаш қаласында ұсталған әйел сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Полицияның мәліметі бойынша, 29 жастағы келіншек балаларын көпшікпен тұншықтырған. Үлкені – 3 жаста, кішісі – 11 айлық. Белгілісі, әйел отбасымен Атырау облысында тұрады, ал Қандығашқа төркініне үйіне барған. Оның сұмдық әрекетке не себепті барғанын тергеушілер анықтап жатыр. «Күдікті босанғаннан кейінгі күйзелісте болған», — дейді полиция өкілі. Осы оқиғадан кейін ол Мұғалжар аудандық ауруханаға жатқызылған. Бірақ диагнозы тергеу құпиясына байланысты айтылмайды. «Жағдайы жақсы» деп келіншек емдеу мекемесінен шығарылған. Сол арада тергеу изоляторына әкетілді.
ҒАЛЫМ БАЙЖАНОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін депрессияда болған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.