Ақтаудан Алматыға бет алған жолаушылар ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Оған техникалық ақау себеп. Рейс жолаушыларының желіге жариялаған мәліметіне сәйкес, ұшып шыққаннан кейін 20 минуттан соң, ақау пайда болған. Олардың айтуынша, ұшақ бір сәтте құлдырай бастаған. Бірақ әуе кемесіндегілер сабырлық танытып, «қатты дүрбелең болған жоқ», — дейді жолаушылар. Борт апаттық жағдайда қонған соң, барлық жолаушы компанияның басқа ұшағына отырғызылды.
ТЛЕК АБДРАХИМОВ, «AIR ASTANA» АҚ КОРПОРАТИВТІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ:
— Ақтаудан Алматыға шыққан ұшақ ұшқан әуежайына қайта оралды. Қозғалтқыштағы майдың төмен деңгейі туралы техникалық ескертуге экипаж стандартты тәртіпке сәйкес, қозғалтқышты өшіру арқылы жауап берді. Ұшақ Ақтауға аман-есен қонды. Жолаушылар компанияның резервтік ұшағымен шығарылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.