ШҚО-да 180 елді мекен бас жоспарда жоқ болып шықты

Шығыс Қазақстан облысында 180 елді мекен бас жоспарда жоқ болып шықты. Риддер, Алтай және Шемонаиха қалаларының бас құжаты жаңартылмағанына 30 жылдан асқан. Өңірдегі бұл қалаларда тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандары бірінен соң бірі бейберекет салына берген. Жергілікті билік биыл құрылыс нормаларын реттемекші. Шемонаиха мен Риддердің бас жоспарын жасауды қолға алған кезде аталған елді мекендерде халық санының әлдеқайда өскені байқалған. Жобалаушылар Ресей Федерациясымен жақын жердегі елді мекендердің географиялық орналасуы тұрғындарға тиімді болуын ескермек. Яғни шекараға жақын аймақта сауда-саттық аумағының құрылысы жоспарланып отыр. Осы жылы 26 ауыл бас жоспарға енгізілмек.
ТАЛАПЖАН ҚАУАШЕВ, «ШҚО ҚСҚҚБ» ММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Өсемен,Риддер және Шмонаиха қалаларының бас жоспарына түзету енгізу үшін қайта қаралып жатыр. Биыл 26 ауылдың құжатын реттеу жоспарымызда бар. Бұл қала аумақтарының алдағы жылдары стратегиялық дамуына септігін тигізді деп ойлаймын.
———————————————