Астанада ойын баласын көлік басып кетті | 11.03.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БАЛАНЫ КӨЛІК БАСТЫ
Астанада ойын баласын көлік басып кетті. Балалар белгіленбеген жерде сырғанақ теуіп жүрген. Жолға шығып кеткен балғынды жүргізуші байқамай қалған. Қазір баланың жағдайы қалай? Олар аулада неге ойнамаған?

КӨКТЕМ ЕРТЕ КЕЛЕДІ
Ел аумағының 71%-ын әлі қар басып жатыр. Дегенмен синоптиктер наурыз, сәуір айлары әдеттегіден жылы болатынын айтады. Көктем ерте келіп, су тасқыны әбірерге салуы мүмкін. Үкіметте апаттың алдын алу мәселесі пысықталды.

ЖОСПАРЫ ЖОҚ
Шығыс Қазақстан обьлысындағы 100-ден астам ауылда дамудың бас жоспары жоқ. Яғни ондағы қалың үй мен автожол заңсыз болып есептеледі. Сонда қазіргі құрылыстың келешегі не болмақ?

«ASAR» АЯҚТАЛДЫ
«Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 86 мың адамды алдаған. Салымшылардан алынған 12,4 млрд теңгенің қайда кеткені тексеріліп жатыр. Ұйымның жұмысы түгел тоқтатылып, жетекшілері қамауға алынды.

ТАРИХИ СЕРИАЛ
«Жетінші арна» көрерменге тағы бір тарту әзірлеп жатыр. «Великолепный век. Кёсем». Жуырда түріктің тарихи сериалы көрерменге жол тартады.
———————————————