Шерзат Полаттың ісі: сот болатын күн жақын

Шерзат Полаттың ісі бойынша материалдар бір-екі күнде сотқа түседі. Ішкі істер министрінің орынбасары қазір іс құжаттары прокуратурада жатқанын мәлімдеді. Сот процесі нақты қашан басталатынын Санжар Әділов айтқан жоқ. Ал Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Бұл істе ешкім күдікті ретінде танылмаған. 16 жастағы Шерзат Полатты былтыр 4 қазанда Талғар қаласында бір топ жігіт пышақтап өлтірген. Қасақана кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен сегіз адам, қылмыс туралы хабарламау бабы бойынша үш адам қамауға алынды.
САНЖАР ӘДІЛОВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Шерзаттың ісі қазір прокуратурада қаралып жатыр. Жақын күндері, осы аптада сотқа жіберіледі деп күтіп отырмыз. Әрі қарай соттың құзыреті. Сот ісін қарайтын судья тағайындалады.
———————————————