Перизат Қайрат басқарған қоғамдық бірлестік сот шешімімен жұмысын тоқтатты. «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық істі тергеу барысында 10 құрылтайшының тоғызының атынан құжаттарға Қайрат Перизат өзі қол қойғаны анықталды.
Еске салсақ, қор жетекшісіне су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына жиналған 1 млрд 700 млн-нан астам теңгені жымқырды деген айып тағылған. Ол бұл қаржыға элиталы кешеннен бірнеше қымбат баспана мен бірнеше жаңа көлік сатып алған. Жеке басына бағалы әшекей бұйым, сырға, білезік, қолсағат, сан түрлі бренд сөмке алып, шетелде шалқып демалған. Сонымен қатар мүгедек балаларға оңалту орталығын ашу үшін өткен аукционнан түскен 22 млн теңгені де қалтасына басты деген күдік бар. Қазір қамауда отырған Перизат Қайраттың анасы да жымқыру ісі бойынша күдікті деп танылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.