Мемлекет ақшасын заңсыз иемденгендер қайтарған ақшаның 17 млрд теңгесі Астанадағы стадион құрылысына жұмсалады. Жаңа спорт нысаны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнында салынып жатыр. Қазір мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқын алған. «Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай болады», — дейді жобалаушылар. Мүгедектерге арналған орындарды қоса алғанда 3 598 адамға есептелген. Құрылысы біткен соң нысан №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне беріледі. Жаңа стадион осы жылдың соңында ашылуы керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.