Қазақстанда арнайы тарифі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған SIM-карталар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі мәлімдеді. Еділ Оспан SIM-картаның деректері де баланың қауіпсіздігіне жауап беретінін атап өтті. Оспан қазақстандық мобильді операторлар білім беру ресурстарына қол жеткізу шеңберінде балаларға арнайы тарифтер ұсынып отырғанын, бірақ олар әлі де балалардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз етпейтінін жеткізді.
ЕДІЛ ОСПАН, ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Оның артықшылығы ата-аналар баласының телефонды қалай пайдаланатынын бақылай алады. Геолокация, қажетсіз контенттен қорғайтын сүзгілері бар. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік. Мұндай тәжірибе әлемде бар, онда балалар үшін арнайы SIM-карталар сатып алынады. Бұл арнайы тариф ретінде ойластырылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.