Ақтөбе облысында дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы уақытта өңірде күн күрт жылынып, ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріледі. Әрі өңірде бүгіннен бастап жаңбыр басталмақ. Мамандардың айтуынша, ол бір аптаға созылады. Бұл қардың тез еруіне түрткі болады. Сондықтан Ақтөбе қаласынан бөлек Байғанин, Мұғалжар, Ойыл және Шалқар ауданындағы елді мекендерге қауіп төніп тұр. Қазіргі таңда өңірде тасқынға қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни арықтар тазартылып, қалың қар сыртқа шығырылуда. Шаруаларға 550-ге жуық әскери жұмылдырылған.
ЛАРИСА ТАРАСЕНКО, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— 13 наурызда күннің екінші жартысында облыстың солтүстігі мен батысында жаңбыр жауады. Ал 14 наурызда солтүстік және шығыс бөлігі жауын-шашынды болады деп күтілуде. 17 мен 18-і күндері облыстың батысында осындай ауа райы сақталады. Жалпы алдағы уақытта ауа температурасы түнде 2-7, ал күндіз 8-13 градусқа дейін көтеріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.