ШҚО-да 150-ден астам дәрігердің орны бос тұр

Еліміздің шығысында 150-ден астам дәрігердің орны бос тұр. Әсіресе шалғайдағы елді мекендерде жағдай мәз емес. Ауылдағы ағайын облыс орталығына қатынап ем қабылдайды. Ал Шемонаиха ауданындағы мамандар бірнеше ауысымда жұмыс істеуге мәжбүр. Науқас көп. Халық ұзын-сонар кезектен көз ашпайды. Мәселен, бір ғана лор дәрігеріне 40 мың адам тіркелген. Түйткілді шешу үшін дәрігерлерге қызметтік пәтер сатып алына бастады. Былтырдан бастап ауылды жерге жұмысқа барғандарға 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы көтермеақы беріледі. Жалпы былтыр елімізде 4 мыңға жуық жас маман шалғай ауылдарға барған. Осылайша бір жылда кадр тапшылығы 20% төмендеген.
АЛЕКСАНДР СТРОКАНЬ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЕМХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
— Менің мұнда келіп жұмыс істеуіме қызметтік үйдің берілуі себеп болды. Сол себепті әйелім екеуміз бірден келістік. Оның үстіне ол – осы жердің тумасы.

АЙНАШ КАПАНОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда 67 резидентіміз оқып жатыр. Олардың алды биыл дипломдарын алып, қатарымыз тола бастайды. Жалпы өткен жылы өңірге 15 дәрігер келді.
———————————————