Қызылордалық оқушылар инсульттан кейінгі оңалтудың тиімді жолын тапты

Қызылордалық оқушылар инсульттан кейінгі оңалтуға арналған ақылды жүйе ойлап тапты. Жаңа бағдарлама интерактивті ойын түрінде жасалған. «Бұл елдегі сал ауруына тап болған 40 мыңдай адам үшін өте пайдалы», — дейді жоба авторы Аяжан Төребек. Ғылыми ізденушінің айтуынша, бұл әсіресе шалғай елді мекен тұрғындарына таптырмас құрал. IV кезеңдік тапсырманы орындау барысында науқастың қимыл үйлесімі, дыбыс қабылдауы және саусақ моторикасы жетіле түседі. Жастардың өнертабысы облыстық ауруханада сегіз апта тәжірибеден өткізіліп, мамандар тарапынан оң бағасын алған.
АЯЖАН ТӨРЕБЕК, ЖОБА АВТОРЫ:
— Енді инвесторлар іздейміз. Жобамызды әрі қарай барлық клиникаға енгізгіміз келеді. Авторлық құқығымыз бар. Дегенмен патент алуға жұмыс істеп жатырмыз.
———————————————