Таразда сеньорлар жарысқан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. 50 мен 65 жас аралығындағы шахматшылар үшін уақыт бақылаудың барлық нұсқасы – классика, рапид және блиц бойынша үздіктер анықталды. 3-11 наурыз аралығында өткен жарысқа ардагерлермен бірге кәсіби шыңдалған шахматшылар да қатысты. Барлық турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турмен өтті. Нәтижесінде, Елена Анкудинова уақыт бақылаудың барлық үш нұсқасында жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанды. Оның үстінен рапидте ерлердің ішінен Нұрлан Досов қана озды. Басқа да жеңімпаздар жүлдесіз қалған жоқ. Өйткені турнирдің кепілдендірілген жүлде қоры – 3 миллион теңге.
МАҚҰЛБЕК МАЛДАРБЕКОВ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ:
— Бұл жарыста мен біршама жақсы ойын көрсеттім деп ойлаймын. Менің ең мықты қарсыласым Жароков Бекет деген кісі болды. Тартысты кездесу болды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.