Балалар мен жасөспірімдерге арналған SIM-карталар енгізілуі мүмкін | 12.03.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

СОТҚА ЖЕТЕДІ
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс сотқа осы аптада жіберіледі. Ішкі істер министрінің орынбасары осындай мәлімдеме жасады. Ал сот ашық өте ме?

«ҚОР» БОЛМАЙДЫ
Астана соты «халықтың ақшасын жеді» деп күдікке ілінген Перизат Қайраттың қоғамдық бірлестігін таратты. Енді «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры қаражат жинамайды.

ЖАҢА ПИК
Пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне жаңа талаптар қойылады. Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасы бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сонда мүлік иелері бірлестігінің жұмысы тоқтатыла ма?

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРАДЫ
Биыл көктем мен күзде 40 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады. Азаматтық борышын өтейтіндерге арнайы кредиттік демалыс және оқу гранты қарастырылған. Осы жеңілдіктің пайдасын көргендер бар ма?

АҚЫЛДЫ ЖҮЙЕ
Қызылордалық оқушылар инсульттан кейінгі оңалтудың тиімді жолын тапты. Интерактивті жүйе тәжірибеде оң нәтиже көрсетті. Енді ақылды балалар өнертабысына инвестор іздеп жатыр.
———————————————