Қостанайда алты саяжай қауымдастығының аумағын су басу қаупі бар. Мұнда 900- ге жуық адам тұрады. Азаматтарға су тасқынына қарсы шаралар туралы жазылған хабарламалар таратылды. Ал кәсіп иелеріне мүліктерін сақтандыру жайында кеңес берілді. Қазір өңірде қаланы қардан тазарту жұмыстары қарқын алған. Сондай-ақ су басу қаупі жоғары саналатын Екінші Қостанай шағын ауданындағы жеке секторлар бақылауға алынған. Мұнда су тасқыны кезінде жедел әрекет ететін алғашқы штаб жасақталды. Үй аулалары қардан тазартылып, инертті материалдар жеткізілді. Синоптиктердің болжауынша, 20 наурыздан кейін күн күрт жылынып, қар ери бастайды.
МАРАТ ЖҮНДІБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Еріген қардың суын тарататын желінің құрылысына 375 млн теңге бөлінді. Бүгін ол жұмыс істеп тұр. Оның көмегімен суды кәріз желілеріне айдаймыз. Көктемгі тасқынға тойтарыс беру үшін барынша қамдану керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.