Құрылтай шешкен мәселе. Халық пікірі

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда 400 мың адам лудоманиядан зардап шегіп жатқаны талқыланды. Содан кейін депутаттар мәселені жан-жақты қарастырып, «Ойын бизнесі» туралы заң қабылданды. Нәтижесінде, құмар ойынмен күрес күшейтіліп, жағдай жақсара бастады. Бұл – Ұлттық Құрылтайда көтеріліп, шешімін тапқан бір ғана мәселе. Жалпы жиын барысында 300 мәселе көтеріліп, 40 пункттен тұратын кешенді шара қабылданған болатын. Ауқымды шара үлкен қозғалтқыш күшке айналды. Оған халық куә.
———————————————