ШҚО-да балық өнімі бес есе артады

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 5 жылда балық өнімі бес есе артпақ. Жылына 10 мың тоннадан астам балықтан уылдырық алынады. Қазір өңірде балық фермасын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар көп. Үкіметтен де қолдау бар. Мемлекеттен берілетін демеу қаржы шығынның 25% жабады. Одан бөлек, балық бағатындарға салық 70% азайтылған. Енді олар өнімнің өзіндік құнын барынша төмендетуді көздеп отыр. Өйткені жыл басынан бері балық пен теңіз өнімдері 10% қымбаттаған. «Ал жаңа ауланған балық пен тоңазытылған балық 6,9% өсті», — дейді Ұлттық статистика бюросының сарапшылары.
ВЯЧЕСЛАВ АСАНОВ, КӘСІПКЕР:
— Өкінішке қарай, көбі қызыл балықты қымбатсынып ала бермейді. Алайда оның бағасы сиырдың етімен бірдей. Біз бағаны белгілі бір шеңберден асырмаймыз. Мәселені шешуде мемлекет тарапынан да қолдау бар.
———————————————