«Серпін» бағдарламасы бойынша диплом алған түлектің дені жұмыссыз жүр. Оңтүстіктен барып оқыған жастардың көбі туған еліне оралуға мәжбүр. «Осы бағдарламамен оқыған 1 352 адамның 400-і ғана жұмысқа орналасқан. Бұл – соңғы 10 жылдағы жағдай. Енді жергілікті билік мәселені түбегейлі шешудің төте жолын қарастырып жатыр. Университет басшылығы өңірдегі ірі кәсіпорындармен арнайы меморандумға отырды. Оның аясында жас мамандар уақытша жатақханамен қамтылмақ. Жалпы солтүстікте кадр тапшы. Үш мыңнан астам маман қажет. Ал министрлік өкілдері осы «Серпін» жобасы бойынша грантта оқып, міндетін орындамаған 1200-ден астам азаматтан сот арқылы ақыны өндіріп алған.
АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН, ҒЖБМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Магистратураға түсіп, оқуын жалғастырған жағдайда немесе әскерге барған жағдайда олар жауапкершіліктен босатылады. Елдеріне қайтып кеткен жағдайда сот процесі жүргізіліп, ол қаражаттар қайтарылады. Барлық жас грант алуға құштар. Келісімшартқа қол қойған кезде сақ болу керек. Себебі ол жерде міндеттеме бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.