Түркістанда 57 адам астан уланды | 13.03.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

«У» ҚОСЫЛҒАН БА?
Түркістанда 57 адам астан уланды. Оның 17-сі – бала. Қазір 22 тұрғын ауруханада жатыр. Олардың барлығы ауызашарда фастфуд жеген. Кілтипан сушидан болуы мүмкін.

ҚАРАЛЫ КҮННІҢ ҚАСІРЕТІ
Бір жарым жылдан кейінгі қарбалас. 46 кенші қайтыс болған Костенко шахтасындағы оқиға бойынша сот жалғасуда. Күдіктілерге «еңбек қауіпсіздігін сақтамады» деген айып тағылып отыр.

ҚАМДАНУ МЕН ҚОРҒАНУ
Ақтөбе құтқарушылары су тасқынына қауырт дайындық үстінде. Өйткені өңірде күн күрт жылынды. Ал синоптиктер: «Енді үздіксіз жаңбыр басталады», — дейді. Қала жұртының қамдынысы қалай?

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ
Бурабай баурайында Ұлттық Құрылтайдың панельдік сессиялары басталды. Ал ертең ауқымды шараға Президент қатысады. Бұл жолғы алқалы жиында қандай мәселе көтеріледі?

«СЕРПІН» СЕРПІЛІС КҮТЕДІ
«Серпін» бағдарламасымен оқыған 1 352 адамның 400-і ғана жұмысқа орналасқан. Бұл – соңғы 10 жылдағы жағдай. Енді жергілікті билік мәселені түбегейлі шешудің төте жолын қарастырып жатыр.
———————————————