Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі, сондай-ақ мерекенің жаңа логотипі бекітілді.
14 наурыз – Көрісу күні, 15 наурыз – қайырымдылық күні, 16 наурыз – шаңырақ күні, 17 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, 18 наурыз – ұлттық киім күні, 19 наурыз – жаңару күні, 20 наурыз – ұлттық спорт күні, 21 наурыз – ынтымақ күні, 22 наурыз – жыл басы, 23 наурыз – тазару күні. Осы атау берілген әр күнніәң өз мақсат-міндеті бар.
———————————————