Президент Ұлттық құрылтайдың отырысына қатысты

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті.
АЙЗАТ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
— Иә Ұлттық құрылтайдың аяқталғанына көп болған жоқ. Бүгін жиынның негізгі отырысы өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі. Басқа да құрылтай мүшелері, министрлер, қоғам белсенділері келелі ойларын ортаға салды. Айта кетейік, үш жыл бұрын бастау алған дәстүрлі жиын Амал мерекесіне тұспа-тұс келіп отыр. Осы уақыт аралығында бұл жиын қозғаушы күшке айналды десек те болады. Өйткені құрылтайда көтерілген мәселе осы жерде ғана қалмайды. Жыл барысында жүзеге асып, айтарлықтай нәтиже шығарылады. Оған дәлел ретінде қабылданған заң жобаларын айта аламыз.
Жиында Президент те әр салаға жеке тоқталып, нақты тапсырмалар береді. Осы жолы да дәстүрлі үрдіс жалғасты.
———————————————