ШҚО-да 170-тен астам мұғалім іссапар шығынын өз қалтасынан төлеген

Шығыс Қазақстан облысында 170-тен астам мұғалім іссапар шығынын өз қалтасынан төлеген. Қазір оларға берешек сомасы 28 млн теңгеге жетті. Іске аймақтық прокуратура мен кәсіподақ араласқан соң, мәселе толық шешілді. Жалпы мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарына жиі барады. Алайда республикалық және облыстық деңгейде тиісті қаржыландыру дұрыс жолға қойылмаған.
ИВАН СОКОЛОВ, КӘСІПОДАҚ ЖЕТЕКШІСІ:
— Проблеманың барлығы іссапар төлемінің аздығында. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, мәселе жуырда шешіледі. Бұл жайттың тағы бір қиын тұсы бар. Кейде мұғалімдер іссапарға демалыс уақытында барады. Ол кезде кадрлық құжаттар бола бермейді. Сол себепті кімнің қашан барғанын нақтылау қиынға түседі.
———————————————