«Біз біргеміз» қайырымдылық қорына түскен қыруар қаржыны жымқырып, жеке басына жұмсады деп айыпталған Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы аяқталды. Қоғамды дүр сілкіндірген іске нүкте қойылды. Сонымен Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Ал оның анасы Ғани Алашбаеваға 7 жыл берілді.
Айта кетейік, қызы мен анасы қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені иемденіп, заңдастырды деген күдікке ілінген болатын. Бұған дейін прокуратура Перизат Қайратты 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, 10 жыл қайырымдылықпен айналысу құқығынан айыруды сұраған. Ал анасына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді талап еткен.
САБЫРЖАН КАРИМОВ, АСТАНА Қ. АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орташа деңгейдегі түрмеде өтесін. Ал анасы Ғани Алашбаева 7 жылға сотталсын. Сот залында тұтқынға алынсын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.