Атырау облысы көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті

Атырау облысы көктемгі су тасқынына дайындықты күшейтті. Былтырғы жағдайдан сабақ алған шенеуніктер биыл ерте қамданып жатыр. Қазір су басу қаупі бар Қызылқоға, Жылыой аудандарында жұмыс қызу. Соңғы екі жылда елді әбігерге салған Ойыл өзенін қырағы бақылап отыр. Жеті ауылдық округті аудан орталығымен байланыстыратын көпірді былтыр қарғын су шайып, қатынас қиындаған еді. Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылындағы көпір жаңартылды. Енді келген нөпір су бұл жерден кедергісіз ағып өтеді.
БАҚТЫБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫ:
— Ойыл өзеніне судың келу деңгейі бойынша Қазгидрометтің филиалымен нақты ақпарат алмасып отырмыз. Қазір Миялы ауылының Ойыл өзені бойында гидробекеттер орнатылды. Күндегі ақпарат су деңгейі бойынша алынып отыр. Ақтөбе облысында күннің аяз, тонның қалың болуына байланысты Миялы ауылына қауіп төндіреді деген болжам бар.
———————————————