Астанада бетон араластырғыш екі көлік соғылып, жол апаты болды. Жүргізушілердің бірі ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Мына кадрлерде Howo маркілі бетон араластырғыш көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде тізгінге ие бола алмай, басқа құрылыс көлігімен соғылғанын байқауға болады. Соның салдарынан, көлік бір қырына аударылып, сол маңда тұрған жеңіл машинаны зақымдаған. Қазір полиция осы іс бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. Жалпы, соңғы кездері жүк көліктеріне қатысты жол апаты жиілеген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.