Астанадағы «BIG Шанхай» сауда үйіндегі өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің несие төлемдері кейінге шегеріледі. Елдің жетекші бес банкі мен микроқаржы ұйым өкілдері кәсіпкерлердің қолданыстағы несиелерін алты ай мерзімге шегеруге келісіп отыр. Ешқандай өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. Егер отбасының табыс көзі тек осы бизнес болса, банктер олардың жұбайларына берілген несиелер бойынша да шегеру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өрт кезінде тауарынан айырылған кәсіпкерлер салық төлеуден де босатуды сұраған. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары заңды шарттар сақталған болса, салық төлеуді кейінге шегеру және үш жылға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылатынын растады.
Еске салайық, «BIG Шанхай» сауда үйіндегі өрт 260-тан астам кәсіпкерді табыс көзінен айырды, ал келтірілген шығын көлемі 11 миллиард теңгеден асты.
БЕКЖАН ОТАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ GR ДИРЕКТОРЫ:
— Әкімдік өрт шығынға ұшыратқан кәсіпкерлердің тізімін жасап, қаржы нарығын реттеу агенттігі ақылы банктерге жолдаған. Банктер қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Егер несие төлемдерін кейінге шегеру керек болса, олар әр клиенттің жағдайын жеке-жеке қарауға әзір. Менің білуімше, банктер өз клиенттерімен сол кезде-ақ байланысқан. Өрттен зардап шеккендердің кейбірінде несие жоқ. Бұдан бөлек, біз әкімдік кәсіпкерлердің сақтандыру полистерінің бар-жоғын тексерсе деп ұсыныс айттық. Себебі кәсіпкерлер бизнесін сақтандырған болуы мүмкін. Олай болса, өтемақы ала алады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.