Кипрдің оңтүстігінде орман өртеніп екі адам опат болды. Тағы 23 тұрғын жарақат алды. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Қызыл жалын жүзден астам тұрғын үйді күлге айналдырды. 12 елді мекен халқы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт 124 шаршы шақырым аумақты шарпыған. Құтқару жұмыстарына ондаған өрт сөндіруші мен оншақты тікұшақ тартылған. Сондай-ақ апат аймағына Иордания, Мысыр және Испаниядан мамандар жұмылдырылды. Ал Түркияның Ескишехир аймағындағы қызыл жалынды сөндіру кезінде 11 адам қаза тапты. Тағы бірнеше кісі жарақат алды. Орман қызметкерлері мен құтқарушылар өрт ошағында қалып қойған. Апат кезінде ауа температурасы 42 градусқа дейін ысып, жел тұрған. Жалпы елде маусым айынан бері 1,5 мыңнан астам өрт тіркелді. Оның 600-ден астамы орман алқаптарында болған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.