Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы аяқталды. Фауар базасындағы миссияны орындау кезінде бітімгерлік контингент 557 тапсырма орындады. Оның ішіне Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалау, жарылмаған оқ-дәрілерді жою мен басқа да жарылғыш заттардан тазарту кірді. Жедел әрекет ету тобы БҰҰ басшылығы мен қызметкерлерін Дамаскіден «Фауар» базасына үш рет эвакуациялап, персоналдың қауіпсіздігін және ұйым мүлкін қорғады. Аймақта жағдай шиеленіскенде Қазақстан контингенті базаның қорғанысын бекемдеді.
 РУСЛАН ЖАНГУЛИН, ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 — Осылайша Қазақстандық контингент БҰҰ миссиясы шеңберінде қойылған міндеттерді ойдағыдай шеше отырып, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз рөлін тиімді орындауды жалғастыруда.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.