Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 шілде күні Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Ақорданың баспасөз қызметі осылай хабарлады. Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.