Sergek Qorgau қосымшасы шетелдік сарапшылардың оң бағасына ие болды

Полиция қызметкерлеріне арналған «Сергек қорғау» мобильді қосымшасы шетелдік сарапшылардың оң бағасына ие болды. Жүйенің тиімділігі нәтижесінде тәртіп сақшыларының жұмысы ширай түскен. Жыл басынан бері осы смарт-жүйе көмегімен 94 мың көлік тоқтатылып, айыппұл төлемеген 82 мың борышкер анықталды.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Қорғау мобильдік қосымшасын қолдану арқылы полиция қызметкерлері жол үстінде автокөлікті себепсіз тоқтатпайтын болды. Өйткені «Сергек» камералары мемлекеттік нөмір арқылы ереже бұзған көлікті анықтап, жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етеді. Тек содан кейін ғана тәртіп сақшылары іске кіріседі.
Қорғау мобильдіқ қосымшасы «Сергек» аппараттық жүйесімен біріктіріліп, патрульдік қызметкерлердің планшеттеріне орнатылған. Ол іске қосылғалы полицияға құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, жедел әрекет етуге де мүмкіндік туған. Ақылды жүйе жалған нөмір таққан және техникалық байқауы жоқ көлікті бірден анықтайды. Сақтандыру полисі жоқ жүргізуші іздеудегі автокөлік, тіпті алименттен жалтарып жүргендер де қосымшаның уысында болады.
ТАЛҒАТ КІШКЕНОВ, ӘПК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Біздің мобильді қосымша Сергектің камерасы АПК қосылады. Олардан ақпарат алады. Қандай мемлекеттік нөмірі бар көлік өтіп кетті. Қандай нөмірлер іздеуде екенін бізге планшетке жібереді.
Бұл жерде инженерлер смарт-жүйені құрастырып, жөндейді. Қазір 800-ге жуық маман бар.
ЕВГЕНИЙ КИМ, СЕРГЕК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Сергек камерасынан түскен деректерді «Қорғау» қосымшасы автоматты түрде өңдейді. Мобильді қосымшаны әзірлеу кезінде климаттық жағдайлар да ескерілді. Яғни қолайсыз ауа райы, түнгі уақытта да интеллектуалды жүйе ақаусыз жұмыс істейді. Енді оны әрі қарай жетілдіреміз.
Жасанды интеллект жол қозғалысын бақылауды жақсартуға септігін тигізіп отыр. Биыл «Қорғау» қосымшасы арқылы 94 мың көлік тоқтатылды. Айыппұл төлемеген және алименттен жалтарып жүрген 82 мың азамат анықталды. 7,5 мың хаттама толтырылып, бір мыңнан астам жүргізуші ұсталды
ЕВГЕНИЙ КИМ, СЕРГЕК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Қазір Қорғау қосымшасы ондаған қала мен үш облыста қолданылады. Бұл Алматы, Түркістан және Жетісу өңірлері. Болашақта тізім кеңейе түспек.
Енді жедел жәрдем көліктерін де смарт жүйемен жабдықтау жоспарланып отыр. Өйткені осы «Қорғау» мобильді қосымшасы іске қосылғалы жол-көлік оқиғасы 30% кеміген.
———————————————