Президент Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайда қандай мәселелерді көтерді? | 14.03.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

МҰҒАЛІМГЕ ҚАРЫЗ
Еліміздің шығысындағы 170-тен астам мұғалім іс-сапарға өз ақшасымен барған. Ұстаздарға берешек көлемі 28 млн теңгеге жеткен. Бұл заңсыздықты прокурорлар анықтады

ОЙЫЛДАН ҚАУІП
Ойыл өзені тағы да арнасынан асуы мүмкін. Атырау облысының жеті ауылдық округі тұрғындары жандарын шүберекке түйіп отыр. Өйткені былтыр ауданды жалғайтын жалғыз көпірді су шайып, қатынас үзілген болатын.

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ
Қазақ елінің қаймақтары Бурабайға жиналды. Қаймана жұрттың аманатын арқалаған ардақтылар алқалы жиында әлеуметтің әлеуетін көтермек. Президент тапсырма беріп, нақты іс-шара жоспары бекітіледі.

АМАЛ КҮНІ
Әз Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Мемлекет басшысы күллі Қазақстан халқына ақжарма тілегін жолдады. Ал Маңғыстау жұрты Отпан тауға жиналып, бірлік отын жақты.

БІТІМГЕРЛЕР БИІГІ
Қазақстандық бітімгерлер бағындырған биік. Сарбаздардың Голан жоталарына аттанғанына бір жыл болды. Миссия барысында отандық бітімгерлер 550-ден астам тапсырманы бұлжытпай орындады.
———————————————