15 жастағы қызды мәжбүрлеп 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген

Қарағанды облысында 15 жасар қызды мәжбүрлеп 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген. Абай қаласында жасөспірімді ұзатып жіберген өгей әке мен туған анасы жауапқа тартылып жатыр. Бес күн бойы зорлық көрген қыз туған әкесіне қашып барды. Әкесі бірден полицияға арыз жазған. Некенің қалай жасалғаны әлі белгісіз. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол 17 жылға дейін қамалуы мүмкін.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазір тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кәмелетке толмаған жәбірленушімен психолг мамандар жұмыс істеп жатыр.
———————————————