Шымкентте 640 млн теңгеге жалған шот-фактура жазған құрылыс компаниясының директоры сотталды. Компания тауарларды тиеп-жөнелтуді іс жүзінде орындамай, жалған есеп берген. Ол аздай, компания жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемей келген. Компания директоры Қылмыстық кодекстің 216-бабының 3-бөлігімен, яғни көрсетілмеген қызметке шот-фактура жазғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.