Мигрант жатақханасына айнала жаздады. Астанадағы университеттің жатақханасында студент емес, 56 еңбек мигранты тұрған. Кеңпейілді комендант пайда тапқысы келді ме кім білсін, сырттан жұмыс іздеп келгендерге студент ретінде уақытша тұруға рұқсат беріпті.
 Ал Алматы облысында нотариустың көмекшісі шетелдіктерді жоқ мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхат рәсімдеген. Қазір аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 Сол сияқты Қазақстанда заңсыз жүрген 10 мыңға жуық шетел азаматы ұсталды. Дені – көршілес мемлекеттердің азаматтары. Дегенмен Бангладеш, Египет, Мадагаскар, Италия және Нигериядан заңсыз келген иммигранттар да бар. Көші-қон заңнамасын бұзған 1240 шетел азаматы елден шығарылды. Барлығына Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынды.
 АСЛАН АТАЛЫҚОВ, ІІМ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— 4,5 мың шетел азаматы елде болу мерзімін бұзған. 2,5 мың адам заңсыз жұмыс істеген. Оның ішінде 60 такси жүргізушісі бар. Бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700- ге жуық такси жүргізушісі анықталған болатын.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.