Ойыл тұрғындары қайықпен қатынап жатыр

Ақтөбе облысының тұрғындарына тасқын судан қауіп бар. Аймақта күн күрт жылынып, қар ери бастады. Құтқарушылар: «Су айдынындағы сең қозғалған жоқ», — дейді. Дегенмен 1-2 күнде өзен суы жағалауды шайып кетуі мүмкін. Қобда ауданындағы Тұманшы өзенінде су қозғалған. Қанай ауылына баратын асфальтты су шайып, ауылға апаратын жол жабылды. Тұрғындар барлық қажет дәрі-дәрмек және азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Ойылға да көлік қозғалысы тоқтатылып, ауылдықтар әзірге өзен арқылы қайықпен қатынап жатыр. Өйткені демалыс күндері автомобиль көпірінің орнына салынған уақытша өткелді су шайып кетті. Көпір өткен жылғы су тасқынына байланысты жарамсыз болып қалғаннан қалпына келтірілген жоқ. Сараптама жасалып, Үкімет резервінен 2,6 миллиард теңге бөлінуі тиіс.
АСЛАН АРЗЫМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазір өзендерде мұз еріп, кішкене жыралар, сайлар тасып жатыр. Тасқын судан қауіп бар елді мекендерге жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жасалды.
———————————————